Заң • 18 Наурыз, 2025

Экс-судья Жолмановаға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды

27 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аса ірі көлемдегі алаяқтық жасап айыпталған бұрынғы судья С. Жолмановаға қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды, деп жазады Egemen.kz.

Экс-судья Жолмановаға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды

Фото: Жоғарғы Сот

Айыпталушы 2021 жылдан 2024 жылға дейінгі кезеңде  жылжымайтын мүлік сатып алуға және тендерлік жобаларға қатысуға жәрдемдесу сылтауымен азаматтарды алдап, 1 миллиард теңгеден астам ақшалай қаражатын қолды қылған.
 
Тергеп-тексеру барысында қылмыстық әрекеттің 48 эпизоды анықталып, олар бір іс жүргізуге біріктірілді.
 
Тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы (аса ірі мөлшердегі алаяқтық) бойынша айыптау актісімен сотқа жолданды.

Соңғы жаңалықтар

Арандатудан сақ болған жөн

Пікір • Бүгін, 09:40

Жаңа жоба – қоғам талқысында

Реформа • Бүгін, 09:20

«Е-АӨК» платформасы іске қосылады

Шаруашылық • Бүгін, 08:58

Шоттың да сұрауы бар

Экономика • Бүгін, 08:50