Оқиға • 19 Наурыз, 2025

Білім бөлімінің қызметкерлері бюджеттен 22 млн теңге жымқырған

147 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысы Жақсы ауданының білім бөлімі қызметкерлері ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырған, деп жазады Egemen.kz.

Білім бөлімінің қызметкерлері бюджеттен 22 млн теңге жымқырған

Фото: egemen.kz/Ерлан Омар

Бұл туралы облыс прокуратурасы хабарлап отыр.

Күдіктілер білім бөлімінің қызметкерлері үшін жалған сыйақы беру желеуімен 22 млн теңгені қолды еткен.

Аудан прокуратурасы аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық  бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді басталып, облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне де тапсырылған.