Президент • 21 Наурыз, 2025

Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты Наурыз мейрамымен құттықтады

45 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресей президенті Владимир Путин Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан президенттеріне Наурыз мейрамымен құттықтау жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz

Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты Наурыз мейрамымен құттықтады

Фото: Ақорда

Ресей Президенті Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевке, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровқа, Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонға, Түркіменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовке және Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеевке Наурыз мейрамы мерекесіне байланысты жылы лебізін жолдады.