Қоғам • Кеше

Еліміздің үш облысында жол жабылды

68 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның үш облысында республикалық маңызы бар автожолдарда қозғалысқа шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz «ҚазАвтоЖол» компаниясына сілтеме жасап

Еліміздің үш облысында жол жабылды

25 наурыз күні сағат 08:00-дегі жағдай бойынша келесі жолдар жабылды:

  • Ақтөбе облысы – «Қандыағаш – Ембі – Шалқар – Ырғыз»тасжолының 3-92 шақырымында (Қандыағаш – Ембі аралығы).
  • Қостанай облысы – Қазақстан-Ресей шекарасындағы бейтарап аумақ, Мариновка ауылына жақын маңда.
  • Солтүстік Қазақстан облысы – «Петропавл қаласын айналып өту» жолының 4-7 шақырымында (Қожаберген жырау айналма жолынан Есіл өзеніндегі көпірге дейін).

Қазіргі уақытта жолдарды тазалау жұмыстарына 62 арнайы техника мен 96 маман жұмылдырылған.