
Екі пәтерлі тұрғын үйдің кілтін табыс ету салтанатты рәсіміне аудан әкімі Алмас Тастенбеков қатысты. Оның айтуынша, қазір Жаңасемей ауданында 100-ден астам азамат тұрғын үй кезегінде тұр. Олардың баспана мәселесін кезең-кезеңімен шешу үшін бірқатар іс-шаралар қолға алынып жатыр. Солардың бірі – Шүлбі кентіндегі бұрынғы 60 пәтерлі көпқабатты тұрғын үйді қайта жаңғырту жобасы. Жөндеу жұмыстары аяқталған соң тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға пәтер беріледі.
Қазір 2023-2029 жылдарға арналған инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы аясында Жаңасемей ауданында бірнеше құрылыс жобасы қолға алынған. Мұқыр, Бөкенші ауылдары мен Шаған кентінде екі пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр.
Абай облысы