Оқиға • 26 Наурыз, 2025

Танысынан 15 млн теңге жымқырған алаяқ алты жылға сотталды

94 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тараз қаласының тұрғыны танысының атына ғимаратты жазып беру сылтауымен 15 млн теңгесін жымқырған, деп жазады Egemen.kz.

Танысынан 15 млн теңге жымқырған алаяқ алты жылға сотталды

Фото: polisia.kz

Қолма-қол санап берген қомақты қаражаттан кейін, күдікті түрлі сылтаулар айтып, жеті ай бойы танысын алдап келген. Алайда уақыт өте келе ғимараттың мүлде басқа адамның атына рәсімделіп кеткенін естіген жәбірленуші құқық қорғау органдарына жүгінген. Істі тергеу нәтижесінде алаяқтың қылмысы дәлелденіп, сот үкімімен ол алты жылға бас бостандығынан айырылды. Енді ол жазасын қауіпсіздігі аралас мекемеде өтейді. Сонымен қатар сот шешімі бойынша жымқырылған 15 миллион теңгені, 3,5 миллион теңге тұрақсыздық айыбын және сот шығындарын өтеуге міндеттелді.