Аймақтар • 28 Наурыз, 2025

26 отбасына пәтер кілті табысталды

101 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңасемей ауданы Шүлбі кентіндегі 26 отбасы биылғы Наурыз мейрамын жаңа үйде қарсы алды.

26 отбасына пәтер кілті табысталды

Екі пәтерлі тұрғын үйдің кілтін аудан әкімі Алмас Тастенбеков салтанатты жағдайда табыс етті. Қазір Жаңасемей ауданында 100-ден аса азамат тұрғын үй кезегінде тұр. Олардың баспана мәселесін кезең-кезеңімен шешу барысында бірқатар іс-шара қолға алынып жатыр. Солардың бірі – Шүлбі кентіндегі бұрынғы 60 пәтерлі көпқабатты тұрғын үйді қайта жаңғырту жобасы. Жөндеу жұмыстары аяқталған соң тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға пәтер беріледі.

Қазір 2023–2029 жылдарға арналған инфрақұрылымды да­мыту тұжырымдамасы аясында Жаңасемей ауданында бір­неше құрылыс жобасы жүзеге асырылып отыр. Мұқыр, Бөкенші ауыл­дары мен Шаған кентінде екі пәтер­лі тұрғын үйдің құрылысы жүр­гізіліп жатыр.

 

Абай облысы