Тағайындау • 28 Наурыз, 2025

Ұлттық және ат спорты түрлері орталығында жаңа директор

390 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне қарасты «Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы» директоры лауазымына Пазылбек Қайрат тағайындалды, деп жазады Egemen.kz.

Ұлттық және ат спорты түрлері орталығында жаңа директор

Фото: ТСМ

Бұған дейін Пазылбек Қайрат қазақ күресі бойынша аға жаттықтырушы қызметін атқарған.

Ол қазақ күресінен Қазақстан Республикасының спорт шебері, ұлттық санаттағы төреші, қазақ күресінен төрешілер алқасының төрағасы, сондай-ақ «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің бас төрешісі болған.

Сондай-ақ, «Дене шынықтыру және спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен (2023 ж.) және «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен (2024 ж.) марапатталған.