Медицина • 29 Наурыз, 2025

Дәрігерлердің озық тәжірибесі

347 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Семей қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасында 72 жастағы науқастың жүрек қақпақшаларын ауыстыру күрделі операциясы сәтті жасалды. Бүгінде жүрек қағысы, аяқ алысы оңалған емделуші дәрігерлерге дән риза.

Дәрігерлердің озық тәжірибесі

«Біз аорта, митральды қақ­пақ­ша­ларды биологиялық про­тез­­дермен алмастыру операция­сын жасадық. Бұл – жүрек қақ­пақ­шаларының ақауларын емдеудің заманауи әрі тиімді әдістерінің бірі. Операциядан кейін емделуші өзін жақсы сезінеді, оңалту кезе­ңінен өтіп жатыр», деді ЖМЖА кардиохирургиялық қызметінің жетекшісі Дос Аманов.

Мамандардың айтуынша, био­логиялық, механикалық про­тез­дерді таңдау науқастың жасы­на, өмір салтына, антикоа­гулянт­тарға қарсы көрсетілімдердің болуына байланысты жүргізіледі. Дұрыс күтім мен дәрігерлердің ұсы­нымдарын сақтау арқылы био­ло­гиялық қақпақша орнатылған нау­қас­­тар толыққанды өмір сүре алады.

«Бұған дейін науқас ентігу, қан қысымының жоғарылауы, жалпы әлсіздік сияқты белгілерден зардап шеккен. Тексеру барысында жүрек қақпақшаларында айтарлықтай өзгерістер бары анықталды. Егер науқас дер кезінде келіп емделмесе, мұндай науқастардың өмір сүру ұзақтығы бес жылдан аспайды», дейді дәрігерлер.

Қазір елімізде жүрек-қан тамырлары ауруларының салдарынан жыл сайын мыңдаған адам көз жұмады. Статистикаға сүйенсек, жүрек қақпақшаларының ақауы әр 100 000 адамның 7-інде кездеседі. Мәселен, 2024 жылы Семей қала­сының Жедел медициналық жәр­­дем ауруханасында 100 кар­дио­хирургиялық операция жа­сал­­ған, оның онында жүрек қақ­пақ­шалары ауыстырылған. Мұн­дай жоғары технологиялық опе­ра­циялардың құны 3 миллион тең­ге­ден асады. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйе­сінде сақтандырылған азаматтарға операция тегін жасалады.

Жүрек – адам өмірінің басты қозғаушы күші. Сондықтан оның сау­лығы уақтылы тек­се­ріліп, қа­­жетті ем-шаралар жүр­гі­зіліп оты­руға тиіс. Семейлік дәрі­гер­лер­дің тә­­­жі­рибесі жүрек ауруларымен кү­­рес­те медицинаның жаңа дең­гей­ге көте­рілгенін көрсетіп отыр.

 

Абай облысы