Спорт • 30 Наурыз, 2025

Азия чемпионаты: Ризабек Айтмұхан финалда сүрінді

386 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Иордания астанасы Амманда өтіп жатқан күрестен Азия чемпионатында қазақстандық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан күміс медаль иегері атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Азия чемпионаты: Ризабек Айтмұхан финалда сүрінді

Финалда ол Жапония елінің намысын қорғаған Араш Йошидамен белдесіп, 1:7 есебімен жеңіліп қалды. Балуандар 97 келіге дейінгі салмақта сынға түсті. Сөйтіп сарықұрлық бәсекесінің алғашқы күнінде Қазақстан құрамасының қоржынына екі жүлде түсті. Бұған дейін 57 келіде өнер көрсеткен тағы бір отандасымыз Рахат Қалжан қола медальға қол жеткізген.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін, 30 наурызда балуандар бес салмақ дәрежесі бойынша жүлдеге таласады.