Төтенше жағдай • 30 Наурыз, 2025

Жертөледе сіріңкемен ойнаған балалардың бірі қаза тапты

253 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өзбекстандағы Наманган облысында төрт жасар бала сіріңкемен ойнап, ауыр күйік алып, қаза тапты, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі. 

Жертөледе сіріңкемен ойнаған балалардың бірі қаза тапты

Оқиға Янгиқорған ауданында болған. Бірнеше бала жертөледе сіріңкемен ойнап, ағаш пен қураған шөптіөртеп жіберген. Нәтижесінде жертөле отқа оранған.

Екі бала терезеден шығарылып, аман қалды, алайда бір бала ажал құшты. Тірі қалған балалардың денелерінің әртүрлі бөліктері күйік шалған, ал марқұмның денесі 100 пайыз күйіп кеткен.

Қазіргі уақытта сот-медициналық және өрт-техникалық сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.