Қазақстан • 01 Сәуір, 2025

Қаңтар-ақпан айларында 21 мыңнан астам адам қайтыс болған

166 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық статистика бюросы Қазақстан халқының қазіргі саны, дүниеге келгендер және қайтыс болғандар туралы нақты мәлімет жариялады, деп жазады Egemen.kz.

Қаңтар-ақпан айларында 21 мыңнан астам адам қайтыс болған

Фото: istockphoto.com

Ведомство дерегінше, осы жылдың 1 наурызындағы статистикаға сәйкес, отандастарымыздың саны 20 316 155 адам, әйелдер – 10 388 760-қа жетсе, ерлер саны 9 927 395-ке жеткен.

Қала халқының саны – 12 млн 813 мың 769, ауыл халқы – 7 млн 502 мың 386 адам.

Биылғы қаңтар-ақпан айларында 51 439 сәби өмірге келген және осы аралықта 21 121 адам қайтыс болған.