
Фото: ашық дереккөз
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ «Тыныс» АҚ, «R&D» ЖШС, «Қазақстан Аселсан Инжиниринг» ЖШС-мен бірлесіп, осы көрмеге экспоненттер ретінде қатысып, шығарылатын өнімдерді ұсынатын болады. Оларға байланыс құралдары, жеке қорғаныс құралдары, ұшқышсыз ұшу аппараттары және басқалары кіреді.
Көрмеге құқық қорғау органдары мен күш құрылымдарын жарақтандыруға арналған техниканы, арнайы құралдар мен жабдықтарды, объектілерді инженерлік-техникалық жарақтандыру жүйелері мен құралдарын, оның ішінде бейнебақылау, қолжетімділікті бақылау және басқару, сигналдау, хабарлау және байланыс, өртті анықтау және сөндіру жүйелері, сондай-ақ авариялық-құтқару жабдықтары мен техникасын ұсынатын компаниялар қатысады.
Кибер қауіпсіздік саласындағы озық шешімдер мен өнімдер көрме экспозициясының маңызды сегментін алатын болады. Көрме Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, сондай-ақ Төтенше жағдайлар министрлігінің қолдауымен өтеді.