
Депутаттың айтуынша, кейінгі 5 жылда алаяқтық әрекеттер саны 1,5 есе өскен. Соның жартысы интернет арқылы жасалады. Шенеуніктің сөзіне сүйенсек, былтырғы жылы интернет-алаяқтықтың 22 мыңнан астам жағдайы тіркелген, ал олардың залалы шамамен 45 млрд теңгені құраған. Соған орай Бақытжан Базарбек киберқылмысты болдырмау және оны заңмен жазалау шараларын қатаңдату керектігін жеткізді. Олар:
- Киберқылмысқа қатысты заңнамада «алдау» және «сенімді пайдалану» терминдерінің анықтамаларын нақтылау.
- Алаяқтық үшін ұсталған қылмыскерді бас бостандығынан айыру мерзімдерін арттыру. Қылмыстық жолмен алынған мүлікті тәркілей отырып, қосымша жаза қолдану мүмкіндігін қарастыру.
- Кейіннен қаржылық тәуекелдерді жүктей отырып, мобильді қосымшалардың қауіпсіздігі үшін, сондай-ақ кейіннен сот практикасын қайта қарай отырып, оффроуд операциялары мен күдікті транзакцияларды бақылау бойынша банктердің жауапкершілігін көздеу.