
Фото: parlam.kz
Нұрлан Әуесбаевтың айтуынша, 2023 жылғы 30 қарашада аталған партия Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне құдықтарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелері бойынша депутаттық сұрау жолдаған екен.
«Алайда аталған сауалға байланысты ешқандай шара қабылданбады. Осындай салғырттықтан және қауіпсіздік ережелерінің сақталмауынан өлім-жітім мен оқыс оқиғалар әлі де тіркеліп жатыр», деді депутат.
Мәжілісмен айтқан мысалдары барысында 2024 жылы мерт болғандарды келтірді. Айтуынша, қаңтар айында Абай облысында 3 жұмысшы улану салдарынан, мамырда Алматыда 2 сантехник газдан уланып, шілде айында Арыс қаласында 1 әскери қызметкер және бейбіт 2 азамат оқыс оқиға салдарынан, тамызда Ақтөбе облысында 2 коммуналдық қызметкер метан газынан уланудан, қыркүйекте Павлодар облысында 4 адам белгісіз газдан қайтыс болып кеткен.
«Мемлекет басшысы 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады. Егер жұмыс берушілер еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етпесе және мемлекеттік органдар бұл талаптардың орындалуын бақылай алмаса, коммуналдық сала қызметкерлерінің оқыс жағдайда қаза табуы жалғаса бермек», деді Н.Әуесбаев.
Н.Сатыбалдыұлының сөзінше, осыдан 2 жыл бұрын көтерген талаптары өкініштісі сол, әлі күнге дейін өзекті болып қалып отыр.
«Сондықтан сізден төмендегілерді тағы да талап етеміз:
- Кәріз жүйелері мен өзге де сантехникалық бағыттағы құдықтарды пайдаланатын заңды тұлғаларға өңірлік талдау жүргізу, олардың еңбек қауіпсіздігі нормаларын сақтауын және жеке қорғаныс құралдары мен газдарды мәжбүрлі түрде шығару жабдықтарының болуын тексеру қажет, сол жұмыс нәтижелері туралы бізге ақпарат беру;
- Аталған саламен айналысатын ұйымдардың кадрлық әлеуетін зерттеу. Өңірлер бойынша білікті мамандардың жетіспеушілігі қандай деңгейде, оны шешу үшін қандай мемлекеттік шаралар қажет екенін анықтау;
- Осы қызмет түрін лицензиялау қажеттілігін талдау және зерттеу нәтижелерін бізге дәлелдеме ретінде ұсыну;
- Құдықтарды пайдаланатын ұйымдарға газдарды жою және залалсыздандыруға арналған техникалық жабдықтарды міндетті түрде ұстау талаптарын бекіту, сондай-ақ қауіпсіздік ережелерін сақтамағаны үшін жауапкершілікті күшейту», деп сөзін аяқтаған Мәжіліс депутаты сауалы бойынша Үкімет басшысынан заңда белгіленген мерзім бойынша жазбаша жауап сұрады.