
- Қытайда туып-өскен қандасымыз Тайлақ Нұражыұлы (11-1) мамыр айының аяғында Шанхайда аралас жекпе-жектен өтетін Road To UFC турниріне қатысады, аустралиялық Дэвид Мартинеспен (15-6) күш сынасады. Егер Тайлақ осы бәсекеде жеңіске жетсе әлемдегі ең белді промоушен – UFC-дің қатарына қабылданады. Айта кетерлік жайт, қазақ файтері өзінің 11 жеңісінің 10-ын нокаутпен аяқтаған.
- Футболдан еліміздің ұлттық құрамасы 6 маусымда Минскіде Беларуське қарсы жолдастық кездесу өткізуді жоспарлап отыр. Қазіргі кезде ФИФА рейтингінде жерлестеріміз 110-сатыға жайғасса, қарсылас команда 98 орында тұр.