Алматы • 03 Сәуір, 2025

Алматыда спорт нысанына Анатолий Храпатыйдың есімі берілді

2489 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов Армия орталық спорт клубының Алматы филиалында жаңа ауыр атлетика залын ашты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда спорт нысанына Анатолий Храпатыйдың есімі берілді

Фотолар: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Ауыр атлетика федерациясының қолдауымен құрылған жаңа залдың ашылу салтанатына Мәжіліс депутаттары, спорт қоғамдастығы және Армия орталық спорт клубының (АОСК) атақты спортшылары қатысты.

gov.kz

Спортшы ғұмырының соңғы жылдарында Қорғаныс министрлігі АОСК спорт бөлімінің аға офицері болып жұмыс істеген. Ол 2008 жылы тамыз айында қайғылы жағдайда қаза тапқан.

Анатолий Храпатый – ауыр атлет, 5 дүркін әлем чемпионы (1985-1987, 1989-1990), 1988 жылғы Олимпиада чемпионы, 1996 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері.