
Фото: «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ
Жолшылар тәулігіне шамамен 2 500 тонна қоқыс жинаған. Тазартылған аумақтың жалпы ауданы шамамен 400 миллион шаршы метрге жеткен.
Бұл ауқымды шаралар жол қозғалысы қауіпсіздігін, жүргізушілер мен жолаушылардың қолайлы қозғалысын қамтамасыз етуге, сондай-ақ өңірлердегі экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған.
«Әр автокөліктен тасталған немесе жол бойына қалдырылған заттар жол қызметіне қосымша жүктеме түсіріп, қоршаған ортаға зиян келтіретінін ескерген жөн. Біз қоршаған ортаға ұқыпты қарау арқылы жолдардың тазалығы мен тәртібін сақтауға үлес қосамыз. Қоқысты тастамауға және табиғатты аялауға шақырамыз», делінген «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ хабарламасында.