
Біртуар спортшы Бекзат Саттарханов бар-жоғы 20 жасында Сидней олимпиадасында жеңімпаз болып, қазақтың бокс тарихындағы тұңғыш Олимпиада чемпионы атанды. Ол спорттық мансабында 143 жекпе-жек өткізіп, оның 132-де қарсыласын тізе бүктірді.
Құйрықты жұлдыздай жарқ етіп өте шыққан боксшы 2000 жылы 31 желтоқсанда жол апатынан көз жұмды. Мемлекет спортшының есімін ардақтап I дәрежелі «Барыс» орденін тағайындады.