Кәсіпқой бокс • 04 Сәуір, 2025

Әлімханұлы-Нгамиссинге жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті

263 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін Астанада 5 сәуір күнгі тарихи кәсіби бокс кешінің алдында қатысушылар салмақ өлшеу мен дәстүрлі көз түйістіру («face-to-face») рәсімінен өтті, деп жазады Egemen.kz.

Әлімханұлы-Нгамиссинге жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті

Бұл шараға басты қаһармандар - IBF және WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) мен оның қарсыласы, Франциядан келген үміткер Анауэль Нгамиссинге (14-0, 9 КО) де қатысты.

Бұл жұп IBF және WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы чемпиондық белбеуді сарапқа салады.

Барыс аренада өтетін кәсіби бокс кешінде Әлімханұлынан бөлек 7 отандасымыз бақ сынайды.

IBF Intercontinental тұжырымы бойынша екінші орта салмақтағы жекпе-жек: Сұлтан Заурбек (Қазақстан, 19-0, 13 КО) – Азинга Фузиле (ОАР, 18-2, 12 КО)

Аса ауыр салмақтағы жекпе-жек: Баходир Джалолов (Өзбекстан, 14-0, 14 КО) – Игорь Шевадзуцкий (Украина, 12-2, 10 КО)

Бірінші орта салмақтағы жекпе-жек: Батыр Жүкембаев (Қазақстан, 23-1, 17 КО) – Кейн Гарднер (Ұлыбритания, 17-4, 7 КО)

Екінші жеңіл салмақтағы жекпе-жек: Махмұд Сабырхан (Қазақстан, дебют) – Николас Тордесилья (Колумбия, 2-0, 2 КО)

Жеңіл салмақтағы әйелдердің жекпе-жегі: Балауса Мұздыман (Қазақстан, 6-0, 5 КО) – Мария Тереза Пинили (Филиппин, 7-1, 2 КО)

Жартылай жеңіл салмақтағы айқас: Отабек Холматов (Өзбекстан, 12-1, 11 КО) – Джейсон Кано Манигос (Филиппин, 30-12-2, 20 КО)

Жартылай орта салмақтағы жекпе-жек: Төрехан Сабырхан (Қазақстан, дебют) – Йиржи Хауке(Чехия, 4-6, 2 КО)

Жартылай орта салмақтағы жекпе-жек: Ақниет Әлімбай (Қазақстан, 2-0, 1 КО) – Йозеф Дубски(Чехия, 1-0, 1 КО)

Бірінші орта салмақтағы жекпе-жек: Әлішер Әбдуәлім (Қазақстан, 3-0, 2 КО) – Ашиш Чаудхари(Үндістан, 3-0, 0 КО).

Бокс кешін тікелей эфирде Qazaqstan және Qazsport телеарналары ұсынады. Сондай-ақ, жекпе-жекті ESPN+ платформасынан тамашалай аласыз.

Жекпе-жек билеттері Тикетон және Яндекс Афиша сайттарынан алуға болады.