Білім • 04 Сәуір, 2025

Бірінші сыныпқа өтініштерді қабылдау 31 тамызға дейін жалғасады

67 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2025-2026 оқу жылына балаларды бірінші сыныпқа қабылдауға өтініштерді қабылдау жалғасып жатыр. ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес, бірінші сыныпқа ата-анасының бірінің немесе заңды өкілінің өтініші негізінде алты жасқа толған балалар қабылданады, деп жазады Egemen.kz.

Бірінші сыныпқа өтініштерді қабылдау 31 тамызға дейін жалғасады

Фото: egemen.kz/Ерлан Омар

Министрліктің мәліметінше, өтініштерді қабылдау биыл бес ай бойы 31 тамызды қоса алғанға дейін жалғасады. Биыл болжам бойынша мектеп табалдырығын 370 мыңнан астам бала аттайды.

«Алғашқы үш күнде 24 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Ең үлкен белсенділік Астана мен Түркістан облысында байқалуда. Ата-аналардың шамамен 70 пайызы мемлекеттік тілде оқытуды таңдады», делінген ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім комитетінің хабарламасында.
Өтінішті онлайн  eGov.kz электрондық үкімет порталы арқылы немесе eGov Mobile мобильді қосымшасы, сондай-ақ қағаз түрінде-тікелей мектепте беруге болады. Өтінімдер демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады.