
Былтырғы Есіл өзенінің тасқыны кезінде кәсіпкер эвакуациялық пункттерге орналастырылған су басқан үйлердің тұрғындарын 29 млн теңгеге тамақтандырған екен. Жанталасқан қиын шақта әкімдікпен арадағы екіжақты шарт толық рәсімделмеген. Атап айтқанда қазынашылық органдарына тіркелмеген. Алайда кәсіпкер өзінің міндетін орындап, қоныстанушыларды тамақтандырған. Бұл туралы оның қолында жұмысты атқарғандығы туралы актылер бар. Ешкім аш қалдық деп шағымданбаған.
Бірақ енді «қар жауып, із басылды» дегендей, қысылтаяң шақта өздеріне қол үшін беріп, халықты тамақтандырған кәсіпкерді әкімдіктің шенеуніктері әуре-сарсаңға салып, келісімшарттың қазынашылықта тіркелмегенін сылтауратып, ақысын төлемей отырған көрінеді. Безбүйректіктің осындай да түрі болады екен. Бұл нағыз төрешілдік қой. Егер мемлекет қаражатының орынды жұмсалғанын білігісі келсе сол кезде тамақтанған жүздеген адамның куәгерлігін сұратпай ма? Кезінде өздері «тамақпен қамтамасыз етті» деген актылерге қол қойғанда неге «келісімшарт қазынашылыққа тіркелмепті» деп сұрамапты. Қысқасы, адамды әуре-сарсаңға салып, сотқа жүгінтіп, ондағылар да төрешілдікті қолдап, жазықсыз кәсіпкерге жаза шектіріп отырған көрінеді.
Айдос Жанашұлы енді кәсіпкердің енді облыстық прокуратураға шағынғанын жеткізді. «Сол жерден бір әділдік болатын шығар деп үміттенеміз», деді ол.
ПЕТРОПАВЛ