Білім • 07 Сәуір, 2025

Биыл Астанада 15 мектеп ашылады

152 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында биыл елордада қанша білім ордасы ашылатыны туралы жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биыл Астанада 15 мектеп ашылады

Фото: gov.kz

Әкімнің мәліметінше, қазір бас қалада әлеуметтік нысандардың құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Оның ішінде мектептер, балабақшалар, емханалар, оқушылар сарайлары бар. 

«Жаңа оқу жылында тағы 15 мектеп ашамыз. Олардың жетеуі – «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында. Қаланы аралау барысында бірқатар жайлы мектептің құрылысымен таныстым. Мәселен, бұл мектептер Құдайбердіұлы даңғылы мен Жансүгіров көшесінің, Төлебаев және Бурабай көшелерінің, Егемен Қазақстан мен Иманов көшелерінің қиылыстарында, сол сияқты Е17, Е26, Е796 және Е899 көшелерінде және т.б. мекенжайларда орналасқан. Білім мекемелерінің құрылысына жеке қаражат та тартылады», деп жазды Жеңіс Қасымбек. 

Айта кетейік, биыл бас-аяғы 24 жаңа оқу орны ашылған. Оның 16-сы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған.