Аймақтар • 07 Сәуір, 2025

Екібастұз ауылдарында кәсіпкерлер алкоголь сатудан бас тартты

211 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Екібастұз қаласы прокуратурасының бастамасы бойынша полиция басқармасы, әкімдік және Екібастұз ауылдық округінің кәсіпкерлері алкоголь өнімін сатудан бас тарту туралы меморандумға қол қойды, деп жазады Egemen.kz.

Екібастұз ауылдарында кәсіпкерлер алкоголь сатудан бас тартты

Фото: polisia.kz

Меморандумға сай енді Зеленая роща, Жаксат ауылдары кіретін Төртүй, Тай, Көксиыр, Қаражар, Мыңтомар, Ақши ауылдары және Ақкөл ауылдық округінде алкоголь өнімдері сатылмайды. 

ІІМ меморондум мақсатын отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында мас күйде жасалатын қылмыстардың, құқық бұзушылықтардың, ауыр және аса ауыр қылмыстардың алдын алу деп түсіндірді.

Ал ауыл тұрғындары алкогольден бас тарту - бұл қауіпсіздіктің кепілі ғана емес, сонымен қатар мәдениетті, ұлттық дәстүрлерді және рухани мұраны сақтау екенін айтады. Бұл жақсы дәстүрді сақтау - ортақ жауапкершілік. Ұйымшылдықты, тәртіп пен тыныштықты саналы түрде таңдау  бүкіл қоғамның өмірін өзгерте алатындығының тікелей дәлелі екеніне сенімді. 

ІІМ мәліметінше, 2024 жылдың мамыр айында Екібастұз өңірі бойынша кәсіпкерлермен алкоголь өнімін сатудан бас тарту туралы алғашқы меморандумға Қарасор, Құдайкөл, Құлақөл ауылдарын қамтитын Теміржол ауылдық округтері қол қойған. Өткен кезеңде бұл ауылдарда алкогольді сатуға байланысты құқық бұзушылықтар тіркелмеген.


Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25