Қоғам • 08 Сәуір, 2025

Қазақстан мен Өзбекстанның әуе байланысы кеңейеді

63 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биылғы жылдың 1 мамырынан бастап Қазақстан әуе компаниясы Астана – Түркістан – Самарқан бағытымен жаңа рейс ашпақ. Ұшақтар аптасына екі рет – бейсенбі және жексенбі күндері қатынайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан мен Өзбекстанның әуе байланысы кеңейеді

Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, бұл бағыттың іске қосылуымен екі ел арасындағы апта сайынғы рейстер саны 42-ден 44-ке артады.

Мамандардың айтуынша, жаңа бағыт екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туризм салаларындағы байланысты нығайтуға сеп болмақ.

Бұған дейін Комитет төрайымы Салтанат Томпиева депутаттар тарапынан әуе билеттерінің қайтарылмайтынына байланысты айтылған сынға жауап берген еді. Оның айтуынша, қайтарылмайтын билеттер арқылы жолаушылар үшін ең төменгі тариф ұсынылады.