
Мысалы, наурыздың 22-28-і аралығында Қонаев қалалық полиция бөлімі әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (ӘҚБтК) 434-2-бабына (Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау) сәйкес, 24 хаттама толтырып, 943 680 теңгеден астам сомаға айыппұл салды.
Одан бөлек, ӘҚБтК-нің 505-бабына (Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру) сай, 67 хаттама толтырылып, 235 920 теңге айыппұл салынды. Барлық айыппұл сомасы 1 179 600 млн теңгеден асты.
Қала халқына «Коммуналдық қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, ірі көлемді қоқыстар мен құрылыс қалдықтарын шығаруға тұрғындар жауапты екені құлақтандырылып жатыр.
Егер сіз заңбұзушылықтың куәгері болсаңыз, 102 немесе 109 нөміріне хабарласу қажеттігі ескертілген. Жалпы жыл басынан бері сенбіліктерге 3000-нан астам адам қатысты. Бұл көрсеткішті ұлғайту мақсатындағы жұмыстар жалғасын таба бермек.