Қоғам • 09 Сәуір, 2025

Үкімет ҚҚС шегін 40 миллион теңгеге дейін төмендетуді ұсынды

201 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет депутаттардың қосымша құн салығы бойынша тіркеу шегін арттыру туралы ұсынысын қабылдады. Жаңа Салық кодексінің жобасында қосымша құн салығының шегі 40 миллион теңгені құрайды. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үкімет ҚҚС шегін 40 миллион теңгеге дейін төмендетуді ұсынды

Фото: Ашық дереккөз

«Қосылған құн салығы 16% болады, бұл салық бойынша шек 40 млн теңге мөлшерінде белгіленеді. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік, кітап басып шығару, археология – қосылған құн салығын төлеуден босатылады. Сонымен қатар, әлеуметтік салада, денсаулық сақтау саласында Үкімет салықтан босатылған дәрі-дәрмектердің әлеуметтік тізімін айқындайтын болады. Құн салығы тек ақылы медициналық қызметтерге салынады,  мөлшерлемесі 10% болады», деді Серік Жұманғарин.

Министрдің хабарлауынша, әлеуметтік саладағы корпоративті табыс салығы кезең-кезеңімен өседі – 2026 жылдан бастап 5%-ға және 2027 жылдан бастап 10%-ға.

«Арнаулы салық режимінде тыйым салынатын емес, рұқсат етілмейтін тізім енгізіледі. Тыйым салынбағанның барлығына рұқсат беріледі. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін «минус 70%» жеңілдік ставкасы күшінде қалады. Өңдеу өнеркәсібі үшін корпоративті табыс салығы мөлшерлемесі 20% күйінде қалады. Банк операциялары бойынша да қосымша құн салығы алынатын болады. Бәсекелестікті қорғау агенттігі Үкіметпен бірлесіп, бағаның өсуіне жол бермеу үшін қолданыстағы тарифтердің негізділігіне талдау жүргізеді», деді министр.