«Таза Қазақстан» • 09 Сәуір, 2025

Алматыда бір айда 20 мыңдай ескі киім жиналды

142 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мегаполисте «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы мен «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық науқаны аясында айналаны тазартып, тұрмыстық қалдықтарды тұрақты өңдеуге бағытталған кезекті жоба іске қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда бір айда 20 мыңдай ескі киім жиналды

Тоқыма қалдықтарын жинап, сұрыптап, қайта өңдеуді қарастыратын FABRIKA жобасының бір айдың ғана ішіндегі нәтижесі жаман емес. Қазіргі таңда қалада 18 арнаулы контейнер орнатылса, алдағы күндері тағы 22 контейнер орнату жоспарланған. Болашақта жоба Алматының басқа аудандарын да қамтуы тиіс.

Бастама қолға алынған күннен бастап 20 000 килограмнан астам ескі киім-кешек  жиналса, енді ол сұрыпталып, қала аумағында қайта өңделеді. Бұл материалдардан өнеркәсіпте қолданылатын қайта өңделген талшық пен майлық шүберектері жасалады. Сонымен қатар, жиналған киімнің шамамен 13%-ы қайырымдылық ұйымдарына берілмек, себебі олар әлі де пайдалануға жарамды.

Экологиялық бағалауларға сенсек, қазірдің өзінде жиналған тоқыма қалдықтарын кәдеге асыру 74 000 килограмнан астам CO₂ эквивалентінің ауаға таралуына жол бермесе – осы  мөлшердегі көмірқышқыл газын 3 730-дан астам ағаш бір жылда сіңіре алады екен.

Осынау ауқымдағы алғашқы бастама FABRIQA жобасы Алматы қаласының Экология және қоршаған орта басқармасының қолдауымен жүзеге асырыла бастады. Жоба экологиялық тұрақты шешімдердің тиімді әрі әлеуметтік маңызы бар екенін көрсетіп отыр. Мақсаты – ай сайын 120 000 килограмға дейін тоқыма қалдықтарын жинап, олардың полигонға тасталуын азайту және қала тұрғындарын саналы тұтыну мен қайта өңдеу мәдениетіне тарту.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50