Қоғам • 10 Сәуір, 2025

Сенат Жоғарғы сот судьясын қызметінен босатты

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұрғазы Әбдіқанов Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы қызметінен босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Сенат Жоғарғы сот судьясын қызметінен босатты

Фото: sud.gov.kz

Жоғарғы Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малахов Әбдіқанов Нұрғазы Әбенұлын отставкаға кетуіне байланысты Жоғарғы Соттың судьясы қызметінен босату туралы Мемлекет басшысының ұсынысын қарауға енгізді.

«Судья зейнеткерлік жасқа толды, тәжірибесі мол, 27 жылдан астам уақыт бойы судьялар қауымдастығында лайықты беделге ие болды. Осыған байланысты, құрметті депутаттар, Әбдіқановты отставкаға кетуіне байланысты Жоғарғы Сот судьясы қызметінен босату туралы Мемлекет басшысының ұсынысын қолдауларыңызды сұраймыз», деді Дмитрий Малахов Сенат отырысында.

Сенат мүшелері бұл ұсынысты қолдады.

Айта кетейік, Нұрғазы Әбдіқанов 1962 жылы туған. Заң ғылымдарының докторы, ІІМ құрылымдарында, Алматы мен бірқатар өңірлерде судья қызметін атқарған. 2020 жылдың наурыз айынан бастап Жоғарғы сот судьясы болып жұмыс істеді. Бұған дейін Жоғарғы сот құрамында, сондай-ақ Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстары мен Алматы қаласында соттарды басқарған.

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03