Өндіріс • 11 Сәуір, 2025

Тоңазытқыш шығаратын зауыт іске қосылды

140 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Түркістан облысы Сауран ауданын­дағы шағын өнеркәсіптік парк аумағында «UBC Group» халықара­лық компаниясының тоңазытқыш шығаратын «Jasyl suyq Qazaqstan» зауыты іске қосылды. Жобаның алғашқы кезеңінде жылына 40 мың сауда тоңазытқышын шығару жос­парланған. Қазір мұнда 350-ге жуық адам жұмыспен қамтылыпты. Жоба толық іске қосылғанда 1 000-ға жуық жаңа жұмыс орны ашылады.

Тоңазытқыш шығаратын зауыт іске қосылды

«UBC Group» басшылығы 2023 жылы өндірістік алаңдарын Қазақстанда орналастыру туралы шешім қабылдап, жаңа зауыт салу үшін бірқатар өңір арасынан Түркістан облысын таңдаған. Жобаға сәйкес, бір шаңырақ астында өндірістік цехтар, қоймалар, әкімшілік және кеңсе ғимараттары орналасатын заманауи кәсіп­орын бой көтереді. Жобаға салынатын инвес­тиция көлемі 30 млн еуроға дейін жетпек. «UBC Group» президенті Игорь Гуме­нный­дың айтуынша, компания – тоңазыт­қыш жабдық­тарын өндіру саласында жұмыс істей­тін және дамып келе жатқан Украина­ның ең ірі өнер­кәсіптік холдингтерінің бірі. Тұтынушылары – әлемнің түкпір-түкпіріндегі танымал брендтер мен ірі корпорациялар.

«Қолдау көрсеткен облыс әкімдігіне алғыс айтамыз. То­­ңа­зытқыштар өндірісі жо­ба­сы­ның сәтті жүзеге асатынына сенімдімін. «UBC Group» сусындар мен азық-түлікке арнал­­ған тоңазытқыш жабдықтарын өн­діру, жарнамалық материал­дар­ды әзірлеу және өндіру, жабдық­тар мен техникалық үдерістер­ді жобалау және мон­таждау, тоңа­зыт­қыш жаб­дықтарын жаңар­ту және қызмет көрсету, тауар мен қызметті сату сияқты бірнеше бағыт негізінде жұмыс істейді», деді Игорь Гуменный.

ап

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің сөзін­ше, бас­тама тікелей Мемлекет бас­шысының қолдауымен жүзеге асып жатыр.

«Мұндай заманауи өндіріс орнын ашу – облыс үшін маңызды экономикалық қадам ғана емес, сонымен қатар өңірдің инновация және заманауи технология­ға да­йын екенінің көрсеткіші. Кәсіпорын жаңа жұмыс орындарын құруға, өңірге қосымша инвестиция тартуға мүмкіндік бермек. Бастама – шетелдермен ынтымақтас­тық­тың жарқын көрінісі. Біз жаңа жобаларға, жаңа инвесторларға қолдау көрсетуге дайынбыз», деді Нұралхан Оралбайұлы.

Өндіріс орнының ашылу рәсімінен кейін қонақтарға зауыт аумағына экскурсия ұйым­дас­тырылды. Сондай-ақ Түркіс­тан­да 100-ден аса отандық және шет мемлекеттің бизнес өкілдері­нің қатысуымен бизнес-форум өтті. Ха­лық­аралық форумға қатысушылар қатарында Украина, Түркия, Грузия, Қытай, Әзербайжан, Өзбекстан және еліміздің ірі компания иелері мен өкілдері бар. Аймақтың ин­вес­­тициялық-экономикалық әле­уеті кеңінен таныстырылған форумда облыс әкімі жиынға қатысушыларды бірлесе жұмыс істеуге шақырды.

ап

«Батыс пен Шығыс ара­сын­дағы сауда қатынастары, тиім­ді географиялық орналасуы және көптеген тарихи нысаны Түр­кіс­танды Орталық Азиядағы инвес­тиция мен туризмнің орта­лығына айналдыруға зор мүм­кіндік береді. Қазір өңірдің ин­вестициялық қоржынында 2025–2028 жылдарға жоспарланған 110 инвестиция­лық жоба бар. Бұл жобалар 4,6 млрд долларға дейін инвестиция тартуға, 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құруға жол ашады. Сондай-ақ өңірде «Turan» арнайы экономикалық аймағы және инвестициялық алаңдар бар», деді облыс әкімі.

«Түркістан инвест» ком­паниясының басқарма төр­ағасы Өмірзақ Юсупов өңірдің инвестициялық әлеуе­тін таныс­тырып, ұсынылатын мүмкіндік­тер туралы баяндады. Форумға қатысушылар пікір алмасып, шет мемлекеттерден келген инвесторлар бірлесе жұмыс істеуге ниет білдірді.

Облыста 210 мыңнан астам шағын және орта бизнес өкілі, оның ішінде 160-тан астам компания шетелдік инвесторлардың қатысуымен жұмыс істейді. 80 мыңнан астамы – шаруашы­лық және фермерлік қожа­лық­. Кейінгі 6 жылда Үкімет пен облыс әкімінің қол­дауы нәтижесінде шамамен

9 млрд доллар көлемінде ин­­вес­ти­ция тартылды. Оның ішінде 63%-ы – жеке инвестиция. Инвести­­ция өнеркәсіп, жылжымайтын мү­лік, ауыл шаруашылығы, туризм және жаңартылатын энергия кө­здері сияқты салаларға бағыт­талды.

 

Түркістан облысы