Оқиға • 11 Сәуір, 2025

Екібастұзда қомақты сомадағы мүлікті иемденгендер ұсталды

239 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аталған қалада күзет ұйымы директорына қарақшылық шабуыл қылған күдіктелер ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Екібастұзда қомақты сомадағы мүлікті иемденгендер ұсталды

Фото: Polisia.kz

Күдіктілерді Павлодар облысының жедел қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде анықтап, ұстаған.

Polisia.kz сайтының хабарлауынша пәтерге заңсыз кіріп, жалпы сомасы 11 млн теңгеден астам мүлікті иемденген күдіктілерден заттай айғақтар алынды.

«Бірқатар сараптамалар тағайындалды. Күдіктілер УҚИ-ге қамалды. Қылмыстық істі тергеу жалғасып жатыр», деді Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Ғ.Қабдрахманов.