Президент • 11 Сәуір, 2025

Президент «Ақжайық» шағын ауданындағы тұрғын үй кешеніне барды

211 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл жерде жыл соңына дейін 35 көппәтерлі тұрғын үй бой көтермек, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Президент «Ақжайық» шағын ауданындағы тұрғын үй кешеніне барды

Баспаналар әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған азаматтарға беріледі, сондай-ақ мемлекеттік ипотека бағдарламалары арқылы сатылады.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа ескі үйлерді бұзу жұмыстары жөнінде баяндалды. 

Реновация бағдарламасы аясында бүгінге дейін 248 отбасы апат алдындағы үйлерден жаңа баспаналарға көшірілген. 2029 жылға қарай бұл көрсеткішті 604-ке дейін жеткізу көзделіп отыр.