Ғылым • 12 Сәуір, 2025

Темірқазық

31 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін – үш бірдей айтулы датаны қоржы­нына сыйғызған атаулы күн. Иә, 12 сәуір – елімізде ең алдымен отандық ғылымның атасына айналған академик Қаныш Сәтбаев­тың туған күні, осыған орайласқан Ғылым қызметкерлерінің күні, Ғарышкерлер күні.

Темірқазық

Коллажды жасаған – Амангелді Қияс, «ЕQ»

Ғылым – кез келген саланы дамытудың негізі. Өркениетті қоғамда солай. Себебі технология да, техника да, ауқымды индустрия да, күнделікті қолданатын өнім, айналамыздағы әрбір зат түптеп келгенде ізденістен туады. Сондықтан да болар, дамыған елдерде қандай да бір мәселенің шешімі зерттеуге сүйеніп қабылданады. Бұл – ғасырлар бойы қалыптасқан, дәлелденген жол.

Біздің мемлекетте де кейінгі уақытта ғылымға көңіл бөлініп келеді. Дәлелді деректермен дәйектей кетсек, ойға бірінші оралатыны – ғылым саласының өз «еншісін» алып, бюджеті, соған сай жоспары, есебі мен нәтижесі бөлек министрлік болып құрылуы. Содан соң Президент жанынан Ғылым және технологиялар жөніндегі Ұлттық кеңес құрылып, ғылыми қауымдастық көптен күткен «Ғылым және технологиялық сая­сат туралы» заңның қабылдануы көп мәселенің шешілуіне ықпал етті, ғалымдарды ынталандырудың, көтермелеудің заңды тетіктері енгізілді.

Осының нәтижесі болар, ғылыми ұйымдар саны 2019 жылдағы 386-дан 425-ке дейін өсті. ҒЗТКЖ қаржыландыру екі есеге көбейіп, 2019 жылдағы 82,3 млрд теңгеден 172,6 млрд теңгеге артты. Ғылыми зерттеулер енді үш жылда бір рет емес, жыл са­йын гранттық қаржыландырады. Экология, су ресурстары, энергетика, тау-кен металлургиясы, биотехнология және АӨК салаларында 6 ғылыми зерттеу орталығы ашылды. 2019 жылдан бері 70 жаңа зертхана ашылды. Алғаш рет 351 жас ғалымға пәтер берілді (290 адамға ипотекалық бағдарлама­мен, 61 адамға өтеусіз негізде). Коммерцияландыру бо­йынша өткен 6 конкурс жобаларынан 9 млрд теңге салық төленді, сатудан 39,3 млрд теңге кіріс кірді, 14,5 млрд теңге жеке инвестиция тартылып, 2 000 жұмыс орны ашылды. 8 жоба экспортқа шықты, 7 жоба 1 млрд теңгеден аса сатылымға жетті. Бұл – көп көрсеткіштің бір парасы ғана, салаға әлі де қолдау қажет екені белгілі, біз ғылымды негізге алсақ, ғалымдарға демеу бола білсек, «өнімі олардың көл-көсір»...