Экономика • 12 Сәуір, 2025

«Самұрық-Қазына» ғылыми жобаларды қаржыландыру арқылы өндірістің тиімділігін арттырады

462 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

12 сәуір – Ғылым күніне орай «Самұрық-Қазынада» Қор тобының ғылыми-техникалық қызметіне арналған жиын өтті. Онда ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструктор­лық жұмыстарды қаржыландыру, ғылыми-техникалық қызметтің ағымдағы нәтижелері талқыланды. Іс-шараға «Самұрық-Қазына» қоры мен портфельдік компаниялардың басшылары, «Самғау» ғылыми-технологиялық бастамалар орталығының (Қорға қарасты ғылыми әзірлемелерді іріктеп, қаржыландыруға ұсынатын коммерциялық емес ұйым) өкілдері қатысты.

«Самұрық-Қазына» ғылыми жобаларды қаржыландыру арқылы өндірістің тиімділігін арттырады

Авторлық құқық «KEGOC» АҚ-ға тиесілі

«Самұрық-Қазынаның» бас­қарма төрағасы Нұрлан Жа­қыповтың айтуынша, 2024 жылы Қордың компаниялары тобына инновациялар мен тех­нологиялық шешімдерді жедел енгізу мақсатында жаңа ғылыми-техникалық сая­сат қабылданған. Осылайша, ғылы­ми жобаларды зерттеу, іріктеу, оларды өндіріске енгізу үшін қаржыландыру жұмыстары қолға алынды.

Былтыр «Самұрық-Қазына» тобына кіретін компания­лар ғылыми-зерттеу және тәжі­рибелік-конструкторлық жұ­мыстарды қаржыландыруға 11,9 млрд теңге бөлген. Оның ішінде 7,7 млрд теңгеден астам қаражат ғылыми-техникалық қызметтің Бірыңғай операторы – «Самғау» орталығына бағытталды.

2024 жылдың соңына қарай ғылыми жобаларды қар­жы­ландыру бойынша 4 шарт жасалып, олар биыл аяқталады деп жоспарланып отыр. Тағы 24 жоба мақұлданып, ірік­теу­дің келесі кезеңі бойынша қа­растырылып жатыр.

ап

Болжам бойынша, 2,8 мил­лиард теңгеге іске асырылып жатқан 4 жобаның эко­но­ми­калық тиімділігі алдағы 5 жылда 196 млрд теңге болмақ. Бұл аталған жобаларды іске асыру құнынан 70 есе артық. Демек пайдасы ұшан-теңіз.

Мысалы, осындай жоба­лардың бірі – «Қара­жанбас­мұнай» компаниясының жер қой­науын қауіпсіз әрі эколо­гиялық барлауға арналған жобасы. Импульстік сейсмикалық барлау технологиясы мұнайдың қосымша қорын анықтауға және «Қаражанбасмұнай» кен орнында өндірілетін мұнай қорын 2 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Ал «KEGOC» компа­ния­сының басшысы Нәби Айт­жа­новтың айтуынша, соңғы 5 жылда аталған ұйым 8 ғы­лыми-зерттеу және тәжіри­белік-конструкторлық жобаны іске асырған және олар­дың көбі грант есебінен қаржы­лан­дырылған. Компания жыл сайын ғылыми-техникалық шешімді талап ететін техно­логиялық тапсырмаларды анық­тап, оларды шешу жолда­рын қарастырады.

ва

«Қазатомөнеркәсіп» 2023 жылы жалпы құны 6,6 млрд теңгеге 51 жобаны жүзеге асырған. Бұл туралы ұйым бас­шысы Мейіржан Юсупов мәлімдеді. Аяқталған жоба­лар­дың қатарында – жөндеу-қал­пына келтіру жұмыстарында фторсутекті қышқылды пайдалану технологиясы, аммиакты сүзу жүйесі, Иіркөл кенішінің жұмысында роботтандырылған шешімдерді қолдану сияқты жобалар бар.

Ал Қызылорда облысында­ғы «Ақшабұлақ» кен орнында ілеспе газды қайта өңдеуге арнал­ған кешенді инновациялық шешім әзірленді. Нәтижесінде, жеңіл көмірсутектерді, оның ішінде сапалы пропан-бутанды бөліп алуға мүмкіндік беретін технологияның арқасында ілеспе газды қайта өңдеу көрсеткіші 33%-ға артты. Бұл жоба жергілікті өндірісті дамы­тып, импортты алмастыру мә­селесін де шешуге ықпал етеді.

2025 жылы «Самғау» ор­талығы Ғылым және жоғары білім министрлігімен ынты­мақтастықты жалғастырмақ және бірлесіп технологиялық сессиялар өткізуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар «Samruk Business Academy» ұйымымен бірге қызметкерлердің ғылыми бағыттағы біліктіліктерін арттыру мақсатында арнайы курстар ұйымдастырады.

Жиын соңында «Самұ­рық-Қазына» бас­шысы Нұрлан Жақыпов Қор компа­ния­ла­рындағы барлық ғылыми қыз­мет­керлерді айтулы мерекемен құттықтап, ғылым мен өн­дірістің өзара байланысын әрі қарай дамыту жұмыстарына белсенді түрде атсалысуды тапсырды.