
Іс-шараға Мәжіліс депутаттары, еріктілер, әлеуметтік қызметкерлер, қарттар және әлеуметтік осал топтардың өкілдері қатысты. Жиында цифрлық гигиена, интернет алаяқтықтан қорғану, смартфондарды қауіпсіз пайдалану, онлайн-банкинг және eGov порталының қызметтерін пайдалану бойынша әдістемелік материалдар ұсынылды.
Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева аталған жоба аясында әзірленіп жатқан «Қазақстан Республикасының цифрлық кодексі туралы» және «Жасанды интеллект туралы» заң жобалары елдегі цифрлық даму мен азаматтардың қауіпсіздігі арасындағы тепе-теңдікті сақтауға бағытталатынын атап өтті.
«Өміріміздің барлық саласы цифрландырылып жатқан қазіргі кезде бұл жоба ерекше өзекті болып отыр. Әсіресе, зейнеткерлерге көмек көрсету аса маңызды. Өкінішке қарай, соңғы жылдары интернет-алаяқтардың құрбанына айналып жатқан қарттар көбейіп кетті. Алаяқтардың ең басты қаруы – азаматтардың цифрлық сауатсызды. Сондықтан тұрғындарға цифрлық қауіпсіздіктің негізгі ережелерін түсіндіріп, жеке басқа қатысты деректерді қалай қорғауды үйрету маңызды», – деді Екатерина Смышляева.
Тұсаукесер рәсімінен кейін жиынға қатысушыларға фишингті анықтау, құрылғыларды баптау және интернеттегі ықтимал қауіптерге қарсы әрекет ету бойынша тәжірибелік көмек көрсетілді. «Жастар рухы» жастар қанаты төрағасының орынбасары Ержан Хамитовтың айтуынша, алдағы уақытта облыстың барлық өңірлерінде осындай іс-шаралар өтетін болады.
Жоба аясында ата-аналар жиналыстары, мектептерде «Киберқауіпсіздік» сабақтары, зейнеткерлерге арналған «Күміс лига» цифрлық орталықтары, сондай-ақ цифрлық волонтерлерді оқыту мен арнайы интерактивті курстар ұйымдастырылмақ.
Қостанай облысы