Экспорт • 23 Қыркүйек, 2025

Өзбекстанға жанармай сатылып жатқаны рас па

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ел ішінде Қазақстан Өзбекстанға жанармай сатып жатыр деген ақпарат тараған еді. Таяуда энергетика министрлігі мәлімдеме жасап, бұл деректі негізсіз деп тапты, деп жазады Egemen.kz.

Өзбекстанға жанармай сатылып жатқаны рас па

Фото: pinterest.com

«Қазір Қазақстаннан Өзбекстанға немесе өзге елдерге жанармай экспорты жүзеге асырылмайды. Елде мұнай өнімдерін сыртқы шығаруға тыйым салынған. Үкімет заңсыз сауда мен контрабандамен күрес жоспарын іске асырып жатыр», деп мәлімдеді министрлік.

Мекеме мәліметінше, ақпарат құралдарының бірі биыл көктемдегі бір жолғы уақытша шара туралы жазған.

Үкімет маусым айынан бастап бензин экспортын толық тоқтатты.

Министрлік мұндай шара ішкі нарықты тұрақтандыруға, жанармай қорын айтарлықтай ұлғайтуға мүмкіндік бергенін атап өтеді.

«Жаздың басына қарай АИ-92 бензині қоры шамамен 70%-ға, дизель отыны қоры 78%-ға артты. Қазіргі таңда мұнай өнімдері нарығындағы жағдай тұрақты. Ішкі нарық толық көлемде қамтамасыз етіліп жатыр», деп хабарлайды министрлік.

Соңғы жаңалықтар

Жүрегі жырдан жаралған

Тұлға • Бүгін, 08:20

3 минуттық сериал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алаңдауға негіз жоқ

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Қауіп қайдан демеңіз...

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Оператордың ерекше әдісі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Қатерге қарсы тастүйін іс

Аймақтар • Бүгін, 07:58

Ақ кимешекті әйгілеген әже

Мирас • Бүгін, 07:55

Сезім селт еткен кеш

Өнер • Бүгін, 07:50

Сыншының елеулі еңбегі

Басылым • Бүгін, 07:45

Сарыжаздағы спорт мерекесі

Аймақтар • Бүгін, 07:40

ЖИ ұсынатын иіссу

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35