
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Іс-шараға оркестрдің толық құрамымен қатар, Тахауи Рахметов пен Бибігүл Қылымхан секілді белгілі өнерпаздар қатысты. Іс-шара мақсаты – Алматы тұрғындары мен қонақтарының ұлттық музыкаға деген қызығушылығын арттыру.
Қазақ музыка мәдениетінің дамуына зор үлес қосқан Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығы – халықтың рухани мұрасы, бай қазынасы. Композитордың 100 жылдығына арналған іс-шара биыл 24 қаңтарда Ұлттық оркестр ұйымдастырған ауқымды концертпен басталған болатын. Қазіргі уақытта композитордың мерейтойы ЮНЕСКО және ТҮРКСОЙ секілді халықаралық ұйымдардың қолдауымен әлемдік деңгейде аталып өтіп жатыр.
Айта кетсек, ТҮРКСОЙ – Түркі мәдениеті халықаралық ұйымы 2025 жылды Нұрғиса Тілендиевті еске алу жылы деп жариялаған болатын. Жыл бойы мерейтойға арналған мәдени іс-шаралар жалғасын табатын болады.