
Фото: Instagram
Атап айтқанда, ол Instagram желісінде отандық авторлардың музыкалық шығармаларының шектелуі қоғамдық резонанс тудырғанын атап өтті. Бұл құқық иеленушілердің өздері де, платформаны өзін-өзі көрсету, шығармашылық және мәдени мазмұнды насихаттау үшін белсенді пайдаланатын кең аудитория тарапынан алаңдаушылық тудырған еді.
Бұдан басқа, Ш.Әбдіреева отандық авторлар мен орындаушылардың музыкасының жоғалуына әкелген құқықтық себептерді түсіндірді. Авторлық құқық туралы заңына сәйкес музыкалық туындыларды авторлар мен құқық иеленушілер тарапынан тиісті келісім болған кезде ғана пайдалануға жол беріледі.
Сонымен қатар, ол Министрліктің белсенді қолдауымен, сондай-ақ Мeta компаниясы мен «Қазақстандық авторлық қоғам» РҚБ арасындағы сындарлы өзара іс-қимылдың арқасында тараптар Instagram және Facebook платформаларында отандық музыканы пайдалану мәселесін реттейтін шартқа қол қойғанын атап өтті.
Баспасөз конференциясына қатысушылар қол жеткізілген уағдаластық одан әрі орнықты ынтымақтастық үшін негіз болатынын, Қазақстан авторлары мен орындаушылары үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынын сөз етті.