
Фото: kluchimasterstva.ru
Жалақы бойынша берешегі және еңбек құқығының бұзылуы анықталған кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 832 ұйғарым беріліп, 98,1 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. Тиісті іс-әрекеттің, жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде 1,1 жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 241,8 млн теңге төленді.
Еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету мәселелері Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ерекше бақылауында. Биылғы 1 сәуірдегі дерек бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары 1332 тексеру жүргізді, оның барысында 1616 бұзушылық (еңбек саласында – 1332, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 272, халықты жұмыспен қамту бойынша – 12) анықталды. Сөйтіп, қабылданған шаралардың нәтижесінде 10 мың жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды.