
Фото: Ұлттық ұланның баспасөз қызметі
Сауда орталықтарының бірінде ұйымдастырылған мерекелік концерт– Жеңіске құрмет пен батырларды дәріптеуді әрі отандастарымызды патриоттық рухпен шабыттандыруды көздеді.
Концертте әскери оркестр екінші дүниежүзілік соғысының әйгілі әндерін орындады. Қала тұрғындары мен қонақтары әрбір өнерпазды жылы қарсы алып, қошемет көрсетті. Оркестрдің кәсіби шеберлігі көрермендерді тәнті етіп, Жеңіске деген мақтаныш сезімін оятты.
Бір сөзбен айтқанда, концерт жастарға патриоттық тәрбие берудің жарқын үлгісі болды деуге болады.