
Бұл – қарапайым смартфонның микрофоны арқылы жүрек қағысын небәрі 7 секунд ішінде жазып алып, жасанды интеллектінің көмегімен жүрек ауруын 96% дәлдікпен анықтайтын инновациялық жоба. Ең қызығы – бұл үшін арнайы медициналық құрал-жабдықтар, сым немесе дәрігердің көмегі қажет емес.
Сиддарт – Oracle мен ARM компанияларынан жасанды интеллект саласы бойынша ресми сертификат алған әлемдегі ең жас маман. Оның ойлап тапқан технологиясы АҚШ пен Үндістанда 15 мыңнан астам адамға сынақтан өткізіліп, жоғары тиімділігін дәлелдеген.
Жас дарын иесінің еңбегі ескерусіз қалған жоқ. Бұрынғы АҚШ президенттері Барак Обама мен Джо Байден оған арнайы алғыс хат жолдаса, Үндістанның Андхра-Прадеш штатының басшысы Н. Чандрабабу Найду Сиддартпен жеке кездесіп, қолдау білдірді.
Сиддарт Нандьяланың жетістігі – жасанды интеллектінің медицина саласындағы мүмкіндіктерін ғана емес, ғылымға ерте жастан бет бұрған өрендердің әлеуетін де айқын көрсетеді.