Рекорд • 06 Мамыр, 2025

Спортшы бес вагонды сүйреп, рекорд жаңартты

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкенттік 52 жастағы спортшы Артық Досалиев жалпы салмағы 120 тонна болатын бес вагонды сүйреп, 21 метр 40 сантиметрге дейін жылжытқан, деп жазады Egemen.kz.

Спортшы бес вагонды сүйреп, рекорд жаңартты

Фото: Видеоскрин

Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі, рельс деңгейін, жүк салмағын тексеріп, арақашықтықты өлшеуден өткізіп, рекордтың орнатылғанын растап, сертификат табыстаған. Артық Досалиев жетістігін жеңіс күні қарсаңында батыр бабалар рухына  арнаған. Нәтижеге жету үшін бір жыл бойы дайындалыпты.

Пауэрлифтингтен 5 рет әлем чемпионы, 2 дүркін Еуропа және Азия жүлдегері атанған Артық Досалиев алдағы жылдары осындай жеңіс мерекесі қарсаңында 6-7-10-20 вагонға дейін сүйреуге ниеттеніп отыр.

Соңғы жаңалықтар

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Кеше

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Кеше

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Кеше

Қазақстанда мал ауруы 51%-ға төмендеді

Шаруашылық • 12 Желтоқсан, 2025