Жұмысшы мамандықтар жылы • 13 Мамыр, 2025

Биыл 10 колледж халықаралық тәжірибе алмасады

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы шеңберінде колледждерді интернационалдандыру бойынша салалық ведомство шетелдік серіктестермен келіссөздер жүргізіп жатыр, олардың қатарында шетелдердің жетекші білім беру ұйымдары да бар, деп жазады Egemen.kz.

Биыл 10 колледж халықаралық тәжірибе алмасады

Фото: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Әсет Мұханбетовтің айтуынша, басты мақсат – оқу бағдарламаларын халықаралық стандарттарға сәйкестендіру және заманауи еңбек нарығының сын-қатерлеріне жауап бере алатын мамандарды даярлауға жағдай жасау.

Биыл халықаралық тәжірибе алмасатын сол 10 колледждің қатарында – Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжі, Астананың қоғамдық тамақтану және сервис колледжі, Шымкенттің жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі және басқалары бар, олардың студенттері мен педагогтері Жапония, Франция, Қытай, Түркия, тағы басқа елдердің колледждерінде және серіктес кәсіпорындарында тағылымдамадан өтіп жатыр.