Аймақтар • 26 Мамыр, 2025

Жаңаарқада «Жас сақшы» кадет сыныбы ашылды

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданы орталығында Оразалы Жұмабеков атындағы тірек мектебінде «Жас сақшы» кадет сыныбы ашылды. Сыныпқа қызметтік борышын өтеу кезінде ерлікпен қаза тапқан полиция капитаны Сәкен Салтанатұлы Әшімовтің есімі берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңаарқада «Жас сақшы» кадет сыныбы ашылды

Іс-шараға аудан әкімі Қанат Қожықаев, аудандық мәслихат төрағасы Юржан Бекқожин, облыстық Полиция департаментінің басшылығы мен орынбасарлары, аудан прокуроры, ішкі істер органдарының ардагерлері қатысты.

Кадет сыныбы аудан мектептерінде алғаш рет ашылып отыр. Жоба аясында оқушыларға арнайы полицейлік үлгідегі формалық киімдер тігілді. Оқу кабинеті заманауи көрнекі құралдармен және қажетті техникалық жабдықтармен толық қамтамасыз етілді.

Бұл бастама өскелең ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беру, құқықтық сауаттылықты арттыру және болашақ кәсіби бағдар беруге бағытталған. Кадет сыныбы оқушылардың ішкі істер органдары қызметімен жақынырақ танысуына, азаматтық жауапкершілікті бойларына сіңіруіне ықпал етеді.

Ұлытау облысы

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50