04 Тамыз, 2015

Айкидо десе ішкен асын жерге қоятын қыз

400 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Гүлнұр Кенжебайқызы айкидо залының табалдырығын 7-сыныпта аттаған-ды. Одан бері де бес жылға жуық уақыт өтті. Яғни, күнделікті жаттығулар, күнтізбелік жоспарға сай семинарлар, емтихандар дегендей.

11 (5)

Айкидодан 4-ші кю көк бел­беудің иегері Гүлнұр 11-сыныпты облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатында «Алтын белгімен» аяқтап, Назарбаев Университеттің студенті атанды. Биыл 1-курсты тәмамдап, елордадан туған қаласына келген ол, жаз уақытындағы демалысында өзі айналысқан айкидо залынан табылып, Астанаға аттанғанға дейін жаттығуын жалғастыруда. Кез келген техниканы түсініп орындауға тырысатын көк бел­беулі бойжеткеннің айкидо­дағы алар асуы әлі алда деп біле­міз. Яғни, бұйыртса, қара белбеу тағар күндері де алыс емес. Тек жатты­ғудағы базалық тәсілдердің жіті қадағаланып, дұрыс орындалуы­на аса көңіл бөлгені керек. Бірқатар айкидошылар секілді ол да Әлем­дік айкидо орталығының (орталығы – Жапонияда) мүшесі. Гүлнұр Кенжебайқызының қара белбеулі атанғанын онымен үзеңгілес жүрген айкидошылар да қалайды. Жалпы, Гүлнұр айкидомен айналысып, Астанада жүрсе де, елге келгенде ұмытып кетпей, жаттығуын жалғастырып отырады. Онымен бірге жаттыққан біраз қыздың қарасы қазір айкидода көрінбейді. Гүлнұр болса, жанына жақын жапонның жауынгерлік қорғаныс өнерінен қол үзбек емес. Өйткені, айкидо оған ұнайды. Асан НАРЫНБАЙҰЛЫ. Орал.