04 Тамыз, 2015

Телефон арқылы сөйлесті

157 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Украина Президенті Петр Поро­шен­комен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Президенттер әңгіме барысында екі­жақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен келешегін, сондай-ақ, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді тал­қы­лады. Сонымен қатар, Петр Порошен­ко Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына өтуімен құт­тық­тады. Телефон арқылы сөйлесуге украи­на­лық тарап бастамашылық етті.