Соңғы айда Қазақстанда өнеркәсіп және азық-түлік өнімдерінің бағасы арзандады. Статистика комитетінің мәліметінше, 2015 жылғы шілдеде маусым айымен салыстырғанда, тау-кен өнеркәсібіндегі бағалар 1,5 пайызға, өңдеу өнеркәсібіндегі бағалар 0,7 пайызға арзандады. Өндірістік өнімдер бағасы 1,2 пайызға төмендеді, ал өндірістік сипаттағы қызметтер бағасы 1,2 пайызға қымбаттады.
Бас прокуратура құқық қорғау органдарын реформалау мәселелері жөніндегі интернет-сайтты іске қосты. Енді аталған сайт Мемлекет басшысы жариялаған бес институттық реформаларды және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру бойынша мақсатты түрде жұмыс жүргізетін болады. Іске қосылған порталға (www. pro.kz) кез келген азамат құқық қорғау жүйесін реформалау және заңнаманы жетілдіру бойынша өз ұсыныстарын қалдыра алады.
Астанадағы «Саранда» шағын ауданында 240 орындық балалар бақшасы ашылды. Білім саласының мамандары бұл қаладағы балабақша кезегін азайтады дегенді айтуда. Жаңа орталықтың басты ерекшелігі, ғимарат едені арқылы жылытылады. Сондай-ақ, шкафтарда киімдер мен аяқкиімдерді кептіруге болады.
Алматы облысындағы ірі кондитерлік компания – «Алматы өнімі» айына 800 тоннаға дейін тәтті өнім шығаруға кірісті. Қазір мұндағы екі цехта 480 адам жұмыс істейді. Кәсіпорын тәтті тағам түрін өндіретін Орталық Азиядағы ең ірі зауыт болып есептеледі.
Қарағанды облысының тауар өндірушілері ЭКСПО нысандары құрылысы бойынша жасалған келісімшарттар сомасын 6 млрд.-тан астам теңгеге жеткізді. Облыстық өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық дамыту басқармасының хабарлауынша, ЭКСПО-2017 нысандарын салатын мердігер компаниялар аймақтағы 12 кәсіпорынмен 15 келісімшартқа қол қойған.
Павлодар облысының Железинка ауданында ағаш өңдейтін жаңа комбинат іске қосылды. Мұнда тек қайың ағашы өңделеді. Комбинаттың ашылуы шағын ауылдың тамырына қан жүгірткендей әсер беріп отыр. Қазіргі күні 37 тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылды.
Петропавл әуежайында ұшу-қону алаңдарын жөндеу жұмыстары басталды. Онда ұшу-қону жолағын қалыңдығы 10 см болатын асфальтты бетонмен жабу, оны 300 метрге ұзарту, 18 метрге кеңейту, сонымен қатар, ұшу жолы мен перронды қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізіледі. Осыған орай, құрылыс аяқталғанға дейін бұл әуежай арқылы ұшу-қону тоқтатылды.
Хабарлар Үкімет, облыстық әкімдіктер сайттары, «ҚазАқпарат» агенттігі және «24kz» телеарнасының деректері бойынша
дайындалды.

Петропавлда алғаш рет омыртқаға күрделі ота жасалды
Медицина • Кеше
Астанада Ресей өнерпаздарының гала-концерті өтті
Өнер • Кеше
Павлодарда 2 студент қатарластарынан ақша бопсаламақ болған
Заң мен Тәртіп • Кеше
Астанада Ресей кино-фестивалі басталды
Мәдениет • Кеше
Мемлекет басшысы Оман Сұлтандығының өкілін қабылдады
Президент • Кеше
«Ажал аяқ астында»: Қос жұмысшы құдықта көз жұмды
Оқиға • Кеше
Қазақ балуандары Антальяда 8 алтын алды
Күрес • Кеше
«QaJET» жаңа платформасы «жасыл» жобаларға жол ашады
Инвестиция • Кеше
«Кітап оқитын ұлт» жобасының нәтижесі жарияланды
Мәдениет • Кеше