АЛМАТЫ. 22 маусым. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, көп қырлы талант иесі – сыншы, жазушы, айтыс ақыны, драматург, кинорежиссер Баянғали Әлімжанов Астанадағы « Фолиант» баспасынан 3 томдық шығармалар жинағын шығарды. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Белгілі манасшының есімі бауырлас Қырғыз елінде де аса танымал. Ол сол елдегі республикалық Малдыбаев атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты. Ұлы – жас талант Нұрлан Әлімжан екеуі бірлесіп тыңдаушысы сүйсінтетін бірнеше ән де жазды.
Таңдамалы шығармалар жинағының бірінші бөлімі – «Шексіз ғалам, мен сенің бір бөлшегің...» деп аталады. Мұнда ақынның әр жылдар кезеңінде жазған өлең-жырлары мен поэмалары енгізілген. Кітаптың екінші – «Театр терезесіндегі сәуле» бөлімінде Баянғалидың драматургиялық шығармалары жинақталған, ал, үшінші бөлімде – «Күлкімен көмкерілген ой» тақырыбымен жазушының әңгімелері мен повестері топтастырылған.
Айта кетейік, өнер иесінің Астана қаласында жекеменшік киностудиясы бар. Соңғы кезде оның жетекшілігімен кең көлемді деректі үш фильм түсірлді.
Талғат Сүйінбай.
Дерек, сурет: egemen.kz.
• 22 Маусым, 2015
Ақын Баянғали Әлімжановтың 3 томдық кітабы шықты

Жамбыл облысында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 11 балаға жәрдемақы төленбеген
Аймақтар • Бүгін, 17:01
Алматыда субұрқақтар маусымы қашан ашылады?
Алматы • Бүгін, 16:55
Астанада көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болған жасөспірім құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 16:46
Ерлан Қошанов ҰҚШҰ Парламент өкілдеріне жаңа Конституцияның негізгі ережелерін таныстырды
Парламент • Бүгін, 16:33
Тері зауыты төңірегіндегі түйткіл
Аймақтар • Бүгін, 16:25
Көші-қон саясаты өзгереді: Олжас Бектенов министрлерге нақты міндеттер жүктеді
Үкімет • Бүгін, 16:05
Елордалық жүргізушілерге ескерту: Ақан сері көшесінде қозғалыс шектеледі
Елорда • Бүгін, 14:48
Отандық ғалымдар құрғақшылыққа төзімді дақылдарды ойлап тапты
Ғылым • Бүгін, 14:42
Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 14:34
Қазақстан Орта Азияда экономикалық еркіндік бойынша көш бастап тұр
Экономика • Бүгін, 14:25
Олжас Бектенов: «Заң мен Тәртіп» − жаңа Конституцияның негізгі қағидаты
Үкімет • Бүгін, 14:08
Қазақстан хоккейшілері әлем чемпионатында қарсыласын 10:2 есебімен жеңді
Хоккей • Бүгін, 13:45
Ірі деректер базасының операторлары үшін биометриялық сәйкестендіру міндетті болмақ
Үкімет • Бүгін, 13:39
Ресейде қойылым кезінде жолбарыс көрермендерге қарай секірген
Оқиға • Бүгін, 13:26
Автокөліктегі міндетті жиынтық: Жүргізушілер нені білуі тиіс?
Қоғам • Бүгін, 13:13