АТЫРАУ. 4 тамыз. Атырау облысының үш азаматы Сириядағы қарулы қақтығысқа қатысуға аттанып бара жатқан жерінде қолға түсті. Бұл туралы облыстық прокуратура өкілі хабарлады.
Атырауда діни ағымдар жетегіне еретіндердің қатары әлі де азаймай отыр. Облыстық прокуратура басқарма басшысының міндетін атқарушы Темірбек Дәржановтың мәлім етуінше, жыл басынан бері діни экстремизм мен терроризмге қатысты 39 қылмыс анықталыпты. Соның ішінде Сирия мен Украинадағы қарулы қақтығыстарға қатысуға байланысты – 23, терроризмді насихаттаған – 9, террористік топ құру – 1, экстремистік әрекетті ұйымдастыру мақсатында адамды азғырып көндіру – 1, террористік топтарға қаржылай көмектесуге қатысты 5 дерек тіркеліпті. Сонымен бірге, рұқсат етілмеген жерде діни әдебиеттерді сатудың 4 дерегіне байланысты кінәлілерге 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салыныпты.
«Прокуратура құқық қорғау органдарымен бірлесіп, облыстың үш тұрғынын Сириядағы қарулы қақтығысқа қатысуға кетіп бара жатқан жерінен ұстады. Оларға қатысты Қылмыстық кодекстің 24-бабы («Қылмысқа дайындалу»), 172-бабы («Шетелдегі қарулы қақтығысқа қатысу»), 256-бабы («Терроризмді насихаттау») және 259-бабы бойынша («Экстремистік әрекеттерді ұйымдастыру мақсатында адамдарды азғырып көндіру») тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деді облыстық прокуратура басқарма басшысының міндетін атқарушы Темірбек Дәржанов.
Жолдасбек Шөпеғұл.
Дерек: Атырау облыстық прокуратурасы.
Сурет: egemen.kz.
• 04 Тамыз, 2015
Атырауда үш азамат Сириядағы қақтығысқа қатысуға дайындалған

Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Кеше