АҚТАУ. 4 тамыз. Маңғыстауда 8 жасар қызды зорлап өлтірген педофилге үкім шықты. Бұл туралы nur.kz сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Мамыр айында Сай-Өтес ауылында болған жантүршігерлік оқиғаның басты кейіпкері – 26 жастағы педофил өмір бойына бас бостандығынан айырылды және оған генетикалық және басқа да сараптамалар жүргізгені үшін мемлекетке 2 млн. теңгеге жуық қаражат төлеу міндеттелді.
Тергеу барысында өзге де айғақтардан бөлек, генетикалық сараптама қорытындысы бойынша мәйіттен табылған биоматериал 26 жастағы сотталушыға тиесілі болған және қыз мәйітінің қасынан табылған ұялы телефон да қосымша айғақ ретінде қарастырылған.
Алдымен телефонның өзінікі екенін айтқан сотталушы кейін одан бас тартып, телефонды бұдан бірнеше жыл бұрын жоғалтып алғандығын жеткізген.
Қыздың анасы Қ.Сәлімова оқиға орын алған күні қызын іздеп, сотталаушының үйіне бірнеше рет барғандығын, бірақ олардың көрмедік дегендігін, алайда күйеуіне «қыздармен бірге ойнап кетті» деп екі түрлі ақпар айтқандығын жеткізді. Сондай-ақ, тергеу барысында педофил Мақұлбековтің оқиғадан соң заттарын арнайы сөмкеге салып, полициядан бой тасалап Сай-Өтестен кетіп қалмақ болғандығы да анықталды. Алайда, ауыл тұрғындарының дер кезінде ұстап алуы оның бұл ойының жүзеге асуына мүмкіндік бермеген.
Осының бәрін саралай келе, Маңғыстау облыстық соты 8 жасар Фарида Сәлімованы зорлап, кейін айуандықпен өлтірген Мақұлбековке өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Қылмыскер жазаны ерекше режімдегі колонияда өтейді.
Гүлайым Шынтемірқызы.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: 24.kz.
• 04 Тамыз, 2015
Маңғыстауда 8 жасар қызды зорлап өлтірген педофилге үкім шықты

Петропавлда алғаш рет омыртқаға күрделі ота жасалды
Медицина • Кеше
Астанада Ресей өнерпаздарының гала-концерті өтті
Өнер • Кеше
Павлодарда 2 студент қатарластарынан ақша бопсаламақ болған
Заң мен Тәртіп • Кеше
Астанада Ресей кино-фестивалі басталды
Мәдениет • Кеше
Мемлекет басшысы Оман Сұлтандығының өкілін қабылдады
Президент • Кеше
«Ажал аяқ астында»: Қос жұмысшы құдықта көз жұмды
Оқиға • Кеше
Қазақ балуандары Антальяда 8 алтын алды
Күрес • Кеше
«QaJET» жаңа платформасы «жасыл» жобаларға жол ашады
Инвестиция • Кеше
«Кітап оқитын ұлт» жобасының нәтижесі жарияланды
Мәдениет • Кеше